- Advertisement -

Өлкенің өткенінен сыр шерткен

121

- Advertisement -

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласының мемлекеттік архиві ұйымдастырған «Ұлы елдің ұлы істері» атты дөңгелек үстел өтті. Оған облыстық, және аудандық архивтердің басшылары мен тарихшы ғалымдар және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасының өкілдері қатысып, ойларын ортаға салды.
– «Тараз – тарихымыздың алтын діңгегі» деп Елбасымыз айтқандай, Жамбыл жерінен бастау алатын еліміздің тарихы сан ғасырлармен үндестік тауып жатыр. Былтыр ғана өткізілген Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы соның айғағы. Еліміз тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде түрлі бағдарламаларды жүзеге асырып, ірі істерді тындырды. Ендігі мақсат – дамыған 30 елдің қатарына ену. Осы тұрғыда ұлы істердің атқарылуына Тараз қаласының айтулы азаматтары да өзіндік үлестерін қосуда. Сондықтан, осындай бірқатар азаматтардың есімін жылнама бетіне жазып, олардың жеке тектік құжаттарын архивте сақтауға қабылдан-ғанын рас-таймыз, – деді басқарма басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев.
Аталмыш жиынға қатысушылар мұрағат деген сөзден гөрі «архив» терминін қолдаудың дұрыстығын алға тартты. Себебі, архив сөзінің астарында тұтас ұлттың тағдыры мен Қазақстанның ғасырдан-ғасырға ұласқан тарихы тұр. Сондықтан, құндылыққа толы мағлұматтар мен бай мұралардың қадірін арттырып, болашаққа танытуда оны жастар арасында кеңінен насихат-тауымыз керек дейді пікір білдірушілер.
– Мұрағат атауына ие болып отырған мекеменің атқарып отырған жұмысына үңілсек, бұл жеке адамдардың тағдыры мен олардың өмірімен байланысты дүниелерді жинай отырып, сол адам қызмет еткен саланың тарихын алға тартады. Ал сол саланың немесе мекеменің тарихын ақтарсақ, ар жағында мемлекеттің тағдыры тұр. Кейбір тарихшылар мен зерттеушілер қисынсыз дәйектерді алға тартып, дәлелі шикі, бұралаңы көп тағдырды тарихқа айналдыра жаздайды. Міне, осындай жағдайда мұрағат мәселенің анық-қанығына тікелей жауап береді. Кейінгі ұрпақ өз керегін мұрағаттан іздеп тауып, әжетіне жаратса, онда бүгінгі біздің алға қойған мақсатымыздың орындалғаны, – дейді мәдениеттанушы Әлібек Әмзеұлы.
Жиын барысында Тараз қаласының «Құрметті азаматтарына» жеке тектік құжаттар топтамасын Тараз қаласының мемлекеттік архивіне сақтауға қабылданғанын растайтын құжаттар тапсырылды. Сонымен қатар, қатысушыларға «Тараздағы тарихи той» атты жарыққа шыққан кітап таратылды.

Нұрым Сырғабаев,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support