- Advertisement -

Денсаулық сақтау министрлігі журналистер арасында байқау жариялайды

68

- Advertisement -

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі журналистер арасында ҚР-дағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру және ҚР-дағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша үздік жарияланымдар республикалық байқауын өткізеді.

Байқаудың негізгі мақсаты – «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бағыттарын жүзеге асыру туралы жергілікті халықты кеңінен хабардар ету, азаматтарды халықты жұмыспен қамту белсенді шараларына қатыстыру, МӘМС-ті енгізу мен ҚР-дағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдірудің негізгі артықшылықтары, сонымен қатар, аталған жаңалықтарға қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру.

Байқауға мерзімді басылымдарда немесе интернет ресурстарында, телеарна және радиода ағымдағы жылдың қыркүйек-қараша айларында жарық көрген БАҚ материалдары қатыса алады.

Байқауға ұсынылатын жұмыстар 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін төмендегі мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қ., Орынбор көшесі 8, 6 кіреберіс, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (пошта арқылы немесе «Баспасөз қызметіне, байқау жұмыстары» белгісімен қоғамдық қабылдау бөліміне өткізуге болады). Байқау жеңімпаздары 3 номинация бойынша анықталады: «ҚР-дағы МӘМС-ті енгізу бойынша үздік жарияланым», «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үздік жарияланым», «ҚР-дағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту бойынша үздік жарияланым».

Байқау қорытындысы 2016 жылғы 15 желтоқсанға дейін анықталады. Жеңімпаздарға ақшалай сыйақы табысталады.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support