- Advertisement -

Өзбекстанда Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шаралар кейінге қалдырылды

86

- Advertisement -

Өзбекстанда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 31 тамызға белгіленген салтанатты шаралар кейінге қалдырылды, — деп хабарлайдыBBC орыс қызметі.

Басылымның мәліметінше, алдыңғы жылдары Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов әдетте жұртшылықтың алдына шығып, халқын осы мерекемен құттықтайтын. Алайда таяуда ауыр жағдайда ауруханаға түсті.

Алайда басылым мерекелік іс-шаралардың Өзбекстан президентінің ауырып қалуына байланысты кейінге қалдырды ма, жоқ па — ол жағын нақтыламайды. Кәрімовтің басына миына қан құйылып, жансақтау бөлімінде жатқанын оның кенже қызы Лола Кәрімова-Тилляева 29 тамызда хабарлаған болатын. Сол күні Орталық Азияның орыс тілінде хабар тарататын «Ферғана» ақпарат агенттігі Кәрімов 29 тамызда сағат 15-16 шамасында қайтыс болды деген жаңалық таратты. Кейін бұл мәліметті Өзбекстан әкімшілігіндегі дереккөздер жоққа шығарды.

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support