- Advertisement -

Намыс қайда?

85

- Advertisement -

Ақмола – қазақ елінің тоғызыншы астанасы екен. Біздің дәуіріміздің өзінде ол өз атауын үш рет өзгертті. Ақмола – Целиноград – Астана. Мұнымыз тарихи катаклизмдердің салдары еді. Саны аз, өзі әлсіз жамағат әлділерге жем болатыны бәрімізге мәлім. Ол – табиғи заңдылық, шындық.
Мамандығым теміржолшы болған соң, экономика күретамыры саналатын өндіріс саласын барлай жүретін әдет бар. Сөйтіп, Астанадағы темір жол колледжін іздеп, Конституция көшесіне түсіп келем. Бұланты аталатын келте көше бұрышында ортаазиялық архитектура үлгісімен соғылған кесене алдымнан шықты. Ежелгі азиялық имарат.
Тұран өңіріндегі Самарқан, Бұхара әлетінде ертеректе соғылатын құрылыс үлгісі көзіме жылы ұшырай кетті. Төбесіне қазақы қалпақ тәрізді киілген күмбез – өткен ғасырлардың қолтаңбасы.
Астанада ортағасырлық ғимарат та бар екен-ау деген ой келді. Асықпай қарадым. Есіктегі маңдайшасына «Коммуналды мейрамхана Хива» деп жазылыпты. Оның жанында «Приют бодливого козла» деген сөз ілініпті. Бұл сөздің қазақша мағынасы «Сүзеген теке ықтасыны» болып шығады. Бұл сөз осыдан екі жүз жылдай уақыт бұрын жазылған сияқты. Аймақтың «Ақмол» атауын «Ақмола» деп, яғни «Ақ мола», «Ақ мазар» мағынасында тарихқа енгізіп, бізді «коза» атап жүрген заманда ілінген атау шығар деп түйдім.
Осы жерде хәкім Абайдың: «Дүние дегенің ағып жатқан су екен, жақсы-жаман көргенің, ойлай берсең у екен» деген толғанысы ойыма оралды.
Одан бері де қаншама дәуір өтті. Ұлы Отан соғысын, тың игеру жылдарын бастан кешірдік. Орыс халқымен бірлесіп, ынтымақпен өрлеуге ұмтылдық. Қазақ батырлары Мәскеуді кеуделерін оққа тосып қорғады. Кең-байтақ Ресейді Отаным деп санады.
Қанша жыл өтсе де «Приют бодливого козла» сөзі алынып тасталмапты. Неге? «Сүзеген текенің ықтасынын» не үшін қастерлейміз?
Біздер намысы бар жұрттың ұрпақтары емеспіз бе? Әлгі намысымызға тиетін жазуды алдырып тастау қажет деп ойлаймын.
«Коммуналды» деген сөзді де қазақшалай алмай қойдық.
Оны «жамағаттық» деп қазақшаласақ, одан еш нәрсеміз кетпейді, одан ұтылмаймыз демекпін.

Әбдуәлі Данаев,
еңбек ардагері.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support