- Advertisement -

10 мың жыл бұрын адамдар тұрған үңгір

105

- Advertisement -

Қытай археологтары Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі, Алтай аймағының Жеменей ауданында тас үңгірден ежелгі адамдардың ізін тапты.
Шыңжаң ежелгі ескерткіштер мен археологтар институтының қызметкері Юй Цзяньцзюнь 10 мың жыл бұрын палеолит дәуірінде бұл үңгірде ежелгі адамдар тұрған дейді. Археологтар жыныс қабатының өзгерістерін және тастан жасалған еңбек құралын өңдеу технологиясын талдау негізінде алдын ала осындай тұжырым жасаған.
Табылған үңгір негізгі және 10-нан астам шағын үңгірден тұрады. 2014-2015 жылдары Шыңжаң археологтары бұл жерден саздан жасалған ыдыс сынықтарын қазып алған болатын. Ал осы жылы шілдеде Шыңжаң институты мен Бейжің университетінің археологтары палеолит дәуірінен кейінгі кезеңдегі тастан жасалған еңбек құралын тапқан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support