- Advertisement -

Жамбылда…

101

- Advertisement -

Тараз

Жерлес әртістің жетістігі

Семей өңірінде Жарма ауданының орталығы Қалбатауда ұлы Абайдың әжесі Зереге арналып ескерткіш орнатылды. Дүбірлі жиынға қатысушылар «Құнанбай» көркем фильмінің режиссері Досхан Жолжақсыновпен, Жамбыл облыстық драма театрының әртісі, осы кинода Зере рөлін сомдаған Нүрсипат Салықовамен кездесті.

Талас

«Мектепке жол» акциясы өтті

Ауданда тамыздан бастап жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясы жүріп жатыр. Қайырымдылық шара аясында аудан бойынша барлығы 503 балаға 1 миллион 714 мың теңгеге көмек көрсетілді. Оның ішінде, 1 миллион 250 мың теңгеге қала мектептерінің оқушылары мектеп қажеттіліктерімен қамтылса, қалған 464 мың теңгеге ауыл балаларына оқу құралдары мен мектеп формалары сатып алынды. Шараға барлығы 82 мекеме қызметкерлері қатысты.
.
Сарысу

60 адамды жұмыспен қамтымақ

Ауданда «Жасыл экономика» бағдарламасы жүзеге асуда. Оған «Нар» өнер-өндірістік фирмасы» ЖШС өз үлесін қосуда. Серіктестік Түркістан ауылдық округі аумағынан құны 420 миллион долларды құрайтын «Бәйдібек – 1» жел электр стансасын іске қоспақ. Ол жерде 60 адам жұмыспен қамтылады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support