- Advertisement -

Экономикалық байланысты кеңейтеді

71

- Advertisement -

Астана қаласындағы ұйымдастырушылар кеңсесінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне Таиланд Корольдігінің қатысатындығы туралы келісімшартқа қол қойылды. Құжатқа «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы АҚ басқарма басшысы Ахметжан Есімов пен Энергетика министрлігінің тұрақты хатшысы – Таиланд ұлттық секциясының комиссары Ареепонг Бхоочаоом қол қойды.
Басқосу барысында Ахметжан Есімов «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткізілетін көрменің ұйымдастырылу жұмыстары туралы толығырақ айтып берді. «ЭКСПО-2017-ге дайындық қарқынды жүргізіліп жатыр. Тіпті, биыл күзде қатысушы мемлекеттерге өздерінің ұлттық павильоны дайындауға берілетін болады», – деді өз сөзінде ұлттық компания басшысы.
Таиланд ұлттық секциясының комиссары А.Бхоочаоом Қазақстанның Таиланд үшін Орталық Азиядағы маңызды сауда-экономикалық әріптесі екендігін тілге тиек етті. «Көрмеге қатысу – біздің Корольдік үшін өте маңызды. Көрме біздің мемлекеттер арасындағы екіжақты қарым-қатынастар үшін ерекше қарқын беретіндігіне сенімдіміз», – деді А.Бхоочаоом.
Энергетика министрлігінің тұрақты хатшысы А.Бхоочаоом «Жасыл энергетика» саласындағы ең үздік технологияларын көрме барысында әлемге паш ететіндігін атап өтті.
Таиланд 2021 жылы баламалы энергия көздерін пайдалану үлесін 25 пайызға дейін өсіруді көздеп отыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support