- Advertisement -

Олимпиада ойындарынан оралған екі үндістандық спортшыдан доңыз тұмауы табылды

70

- Advertisement -

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарынан оралған екі үндістандық спортшыдан доңыз тұмауы вирусы табылды, атлеттер ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады NDTV телеарнасы.

Рио-де-Жанейродағы марафонға қатысқан үндістандық желаяқ Орчаттери Джаиша кеше ауруханаға жатқызылды, сынама арқылы оның қанынан доңыз тұмауы деп аталатын H1N1 вирусы табылды. Бұл туралы журналистерге үндістандық құрама өкілі Шьям Сундер хабарлаған.

«Джаиша Бангалордағы өз үйіне қызуы көтеріліп келді және ауруханаға жатқызылды. Енді толық ем алу үшін ауруханада біраз уақыт болуына тура келеді», — деді Сундер.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support