- Advertisement -

Астананың жаңа вокзалы қазіргісінен 11 есе үлкен болады

67

- Advertisement -

Елорданың жаңа вокзалы орнында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оның көлемі қазіргі қолданыстағы вокзалдан 11 есе үлкен. Вокзал кешенінің параметрі мынадай: ұзындығы – 630 м, ғимараттың биіктігі – 49,75 м, ені – 116 м. Құрылысшылар тәулік бойы жұмыс істейді. Қазіргі кезде нысан құрылысына 1350 еңбеккерлер мен мамандар тартылған. Бүгінгі таңда вокзалда монолитті темір бетон қаусырмасының құрылысы аяқталды. Оған 150,0 мың м³ бетон жұмсалды. 26,0 мыңтеңгеге металл қаусырмасы (88%) құрастырылды. Қасбеттегі шыны аспалы жүйесін 15% құрастыруға (7 200 м²) материал жұмсалды. Сыртқы қабырғасының 20%-ы (11 000 м²) орындалды. Вокзалға кіретін теміржол эстакадасының құрылысы жүргізілуде. Оған жұмсалатын 27,8 мың м³ жалпы бетонның 26,7 (96%) орындалып, бөлмеаралық металл қаусырмаларының 24,0 мың теңгеге (92%) құрастырылды. Рельс, бетон, металл, арматура, цемент – отандық өнімдер. Жаңа вокзал арқылы тәулігіне 35 мың жолаушы өтетін болады. Қазіргі қолданыстағы вокзалдың тәуліктік жолаушыларды өткізу мүмкіндігі 7 мың адамды құрайды. Астананың басты теміржол қақпасы оған келіп қосылатын Тобыл, Көкшетау, Павлодар бағдарларына қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы баспасөз қызметі.

 Ақпарат көзі: www.24.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support