- Advertisement -

Қаржы мониторингі субъектілеріне ақпарат үшін

70

- Advertisement -

  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті  (бұдан әрі – Комитет) 2016 жылдың 20 сәуірінен бастап, 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңына (бұдан әрі — АЖ/ТҚҚ Заң) өзгерістер енгізуімен байланысты, қаржы мониторингі субъектілерінің тізімінің кеңейтілуі туралы хабарлайды.

            АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағы келесі мазмұнмен 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларымен толықтырылды:

— лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

— ломбардтар;

— бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

— жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

— төлемдер қабылдау бойынша операторлары.

Адвокаттарды қоспағанда, АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы
6 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес, Комитетке, қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

2016 жылдың қыркүйек-қарашасында, Комитетпен түсіндіру шаралар сондай-ақ хабарламаларды қабылдау өткізуі жоспарланып отыр.

Аудиторияны қалыптастыру мақсатында, жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің өкілдерің, d.mukushev@minfin.gov.kz, r.iskakov@minfin.gov.kz электрондық мекенжайларына келесі ақпаратты: ұйымның атауы, тіркеу мекенжайы, өкілдің Т.А.Ә, телефон нөмірлерің, жолдауынызды сұраймыз.

Жұмыс кездесуінің күні және уақыты туралы ақпарат, Сіздермен көрсетілген байланыс деректеріне байланысты қосымша хабарланады.

Сұраулар бойынша телефондары: 8 (7172) 74-92-26; 74-97-39; 74-97-49; 74-97-52.

 

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support