- Advertisement -

Қар қызы

65

- Advertisement -

Ақпанда туылғам…
Ақ анам ақ қарға аунатып алған-ау…
шамасы…
Содан ба, жүрегім суынған…
Көңілде көк мұз бар,
Қарашы…
Көзіме жас болып келеді,
Тайғанақ тағдырдың наласы.

Көңілім ақ қардай…
Қара жер бетіне асығып,
ақыры түспеген!
Бағдарсыз бір бақыт тапқандай,
Ұша алмай жылайды құс-денем…
Толағай тағдырдың салмағын,
Көтерем нәп-нәзік күшпенен.

Аспанға қарадым…
арманмен…
Ақпанның ақ қарын көруге асығып…
Әйтпесе, қара жер – қара мұң,
Қап-қара моншақтай шашылып.
Аппақ қар құшақтап жатқаны-ай,
Қара жер күнәсін жасырып…

Аққала сезімдер…
Әдемі!
Ертең-ақ еритін жанардың жасымен.
Өткен күн өшпейді көзімде…
Не үшін жылаймын осы мен?!
Өмірге өкпелі, Оралхан жоғалтқан,
«Қар қызы» шығармын расымен…

Мүмкін…

 

14054849_1039333072782809_2

Салтанат ҚОЖА.

Астана қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support