- Advertisement -

AIBA Олимпиада ойындарындағы даудан кейін төрешілердің жұмысын қатаң бақылайды

87

- Advertisement -

Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (AIBA) Рио Олимпиадасындағы  даудан кейін төрешілердің жұмысын қатаң бақылайды, деп жазады ТАСС.

Осыған дейін AIBA олимпиада турнирінде орын алған даудан кейін бірнеше төрешіні шеттеткенін хабарлаған болатын.

«AIBA Олимпиада ойындарында даулы мәселелердің жиілеуіне байланысты төрешілердің жұмысын қатаң бақылау туралы шешім қабылдады. AIBA шешімі бойынша, төрешілерге жауапты ретінде ұйымны вице-президенті, Еуропалық бокс конфедерациясының президенті Франко Фальчинелли тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, соңғы бірнеше күн бойы олимпиадалық бокста бірден екі дау туындады және екеуі де ресейлік боксшылардың пайдасына шешілді. Әуелі төрешілер жеңісті қазақстандық Василий Левитке емес, Евгений Тищенкоға берді, одан кейін Владимир Никитин ирландтық Майкл Конланнан күштірек деп санады.

Бұдан кейін Қазақстандық бокс фендерациясы АІВА ережелері бойынша, төрешілер шешіміне қарсы шағым бере алмайды және ҚБФ  Халықаралық бокс қауымдастығының мүшесі ретінде бұл ережелерді сақтауға міндетті, деп атап өтті.

Айта кетейік, қазақстандықтар боксшының күміс медалін олимпиадалық «алтынмен» бағалауды және олимпиада чемпиондары деңгейінде сыйақы төлеуді ұсынды. Бүгін федерация осы бастаманы қаперге алғаны белгілі болды.

«Василий Левит олимпиадалық рингтегі финалдық жекпе-жегінде көрнекті нәтиже көрсетті, жеңіске деген еркін білдірді және ол олимпиадалық күміс медальға ие болса да, оған мемлекет 150 мың доллар сыйақы төлейді, Қазақстандық бокс федерациясының бокс федерациясының президенті Т.Құлыбаевтың шешімімен бұл сомаға тағы жүз мың доллар қоса төленеді, сөйтіп, Левиттің сыйақысы «алтынға» теңеледі», деп хабарлады ҚБФ.

 

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support