РИО-2016: Гюзель Манюрова Қазақстан қоржынына бесінші күміс жүлдені сыйлады

РИО-2016: Гюзель Манюрова Қазақстан қоржынына бесінші күміс жүлдені сыйлады
ашық дереккөз
РИО-2016: Гюзель Манюрова Қазақстан қоржынына бесінші күміс жүлдені сыйлады
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін  әйелдер күресінен 75 келі салмақтағы қазақстандық балуан Гюзель Манюрова финалда канадық балуан Эрик Уибеден ұтылып, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі. Ол осыған дейін, жартылай финалда Ресейдің 2010- 2011 жылдардағы бірнеше мәрте чемпионы Екатерина Буркинаға қарсы күресте нағыз спорттық сенсация жасаған еді. Ұпай жағынан ұтыла тұрса да, Г.Манюра жекпе-жекті өз пайдасына таза жеңіспен аяқтаған. Айқастың соңына дейін 8 секунд қалғанда қазақстандық балуан ресейлік қарсыласын шалқасынан сұлатып салды. Бұдан бұрын Олимпиаданың алғашқы белдесуінде ол Еуропа чемпионы, венгрлік Жанетт Неметті 12.2 есебімен ұтып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған болатын. Ал осыдан шамалы уақыт бұрын 63 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Екатерина Ларионова қола жүлде үшін тартыста АҚШ спортшысы Елена Пирожкованы жеңіп,  Қазақстан қоржынына жетінші қола медальді салған еді. Ал кеше алтыншы қола медальды тағы бір балуан қызымыз Элмира Сыздықова жеңіп алған болатын.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар