- Advertisement -

Рио-2016: АҚШ қоржынында 28 алтын, 28 күміс, 28 қола бар

86

- Advertisement -

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында АҚШ бүгін медальдар санын 28 алтын, 28 күміс, 28 қолаға жеткізді, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Олимпиада ойындарының он бірінші күні артта қалды. Нәтижесінде АҚШ  жүлделер санын 28 алтын, 28 күміс, 28 қолаға жалпы 84 медальға жеткізді.

Ал Ұлыбритания спортшылары Риода жалпы есепте екінші орында тұр.  Олардың еншісінде 19 алтын, 19 күміс, 12 қола медаль бар. Ал үздік үштікте келе жатқан Қытай құрамасының қоржынында  17 алтын, 15 күміс, 19 қола медаль бар.

Кеше Рио олимпиадасының медаліне қол жеткізген елдер саны 72 болса, бүгін 76 мемлекетке артты. Қазақстан құрамасы  2 алтын, 3 күміс, 5 қола медальмен  жалпыкомандалық есепте 20-орында келе жатыр.

Жалпы қазірге дейін,  204 алтын, 204 күміс, 231 қола, жалпы 639 медаль ойнатылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге табыс етілді.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support