- Advertisement -

Шынымды айтсам, жеңдім деп ойладым – В.Левит

116

- Advertisement -

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан XXXI Олимпиада ойындарында бокстан 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Василий Левит финалда ресейлік Евгений Тищенкодан ұтылып қалды. Жекпе-жекке баға берген үш төрешінің бәрі де Тищенконың жеңісіне күмән келтірген жоқ. Алайда рефери Е.Тищенконың қолын көтергенде залда жиналған жанкүйерлердің бәрі ысқырып, төрешілердің шешіміне өз наразылықтарын білдірді. Тіпті, салтанатты марапаттау рәсімі кезінде ресейлік спортшыға медаль тапсырғанда халық улап-шулап, қарсылық білдірді. Сол кезде Левит нағыз спортшы екенін көрсетіп, залдан тынышталуды сұрады. Ал салтанатты марапаттау рәсімінен кейін Левит күміс медалін бірден қалтасына салып алды. Sports.kz сайтына сұхбат берген Василий Левит төрешілердің шешіміне қалай қарайтынын жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 — Василий, бүгін Сіз жақсы бокстастыңыз!

— Осы ойыңыз үшін рақмет. Алайда судьялар бұған мүлдем басқаша ойлайды. Одан да рингтың төрт жағында Сіздердің отырғаныңыз дұрыс болатын еді.

— Дегенмен, қазіргі жағдайға қарамастан, «күміс» те — үлкен жетістік.

— Мен кез келген боксшы сияқты Олимпиадаға тек чемпион болуы үшін ғана келдім. Бірақ жеңіске бір адым қалғанда, сүрініп қалдым. Егер бізге «күміс» алуға жазса, онда соған да қуану керек.

— Салтанатты рәсім кезінде трибуналарға тынышталсын деген белгілі бердіңіз. Неге олай істедіңіз?

— Оны спортшылар арасында тілектестік деп атайды. Рингке шығатын кез келген спортшы құрметке лайық. Жағдайдың солай болғанына Тищенко кінәлі емес.

— Судьялар шешім шығармай тұрғанда, жеңдім деп ойлаған шығарсыз?

— Шынымды айтсам, жеңдім деп ойладым. Тренерлер де риза болды. Себебі барлық тактикалық тапсырмаларды орындап шықтым. Алайда бәрі басқаша болды…

— Евгений Тищенконың қабағы жарылғанда жекпе-жекті тоқтатады деген қауіп болды ма?

— Шынын айтқанда, рингте ондайды ойламайсын.

— Қазіргі төрешіліктің сапасын ескере отырып, рингке шыққанда осы қарсыласты жеңу үшін тек нокаутқа ғана жіберу керек деп ойлаған жоқсыз ба?

— Жоқ, рингке шыққанда ондайды ойлауға болмайды. Бапкерлер нақты нұсқау берді. Соны орындау қажет. Біздің салмағымыз ауыр, ондайда кез келген спортшы қарсыласын нокаутқа жібере алады.

— Жекпе-жектен кейін Евгениймен сөйлескен жоқсыз ба?

— Жай, жақсы жекпе-жек үшін бір-бірімізге алғыс айттық. Болды.

 Олимпиадада бұндай масқара болады деп, әлі де сене алмай отырған женкүйерлерге не айтар едіңіз?

— Рақмет, жұмысқа қарамастан, таңата тұрып, бізге қолау білдіргені үшін алғысымыз шексіз. Қолдағаныз үшін, жылы сөздер үшін мың да бір рақмет! Мен оның бәрін сезіп отырмын

Ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support