- Advertisement -

Жас лейтенанттар сапта

115

- Advertisement -

Бір қуанатыны, бүгінде әскери қызметке білімі мен білігі толысқан жастар көптеп келуде. Биыл 2035 әскери бөлімі еліміздің және Ресей Федерациясының жоғары әскери оқу орындарын тәмамдаған түлектермен толықты. Олар бөлімнің «Талас» шекара комендатурасына, «Ақсуат», «Шөлдала», «Гродеково», «Аспара» шекара заставаларында қызмет ететін болады.
Жас офицерлерге әскери бөлімнен тәжірибесі мол офицер-тәлімгерлер бекітіліп берілді. Олар бүгінде жастарға білгенін үйретіп, тәлім беруде. Қызметке кірісер алдында жас әскерилер Жамбыл жерінің киелі жерлерін аралап шықты. Қарахан, Шах және Дәуітбек, Тектұрмас әулие, Айша бибі, Бабаджа хатун кесенелеріне экскурсия жасады. Бұл шара Тараздың тарихи орындарын таныстыру әрі патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылғанын айта кету керек.

Дамир Түлеубаев,
подполковник, 2035 әскери бөлімінің бөлімше бастығы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support