- Advertisement -

Апа…

116

- Advertisement -

Сенің айтар ақылың қалқа маған,
Ойымды онға бөліп жаңқалаған.
Жақпар-жақпар жартасты аңсап жүрмін,
Қатпар-қатпар сезімін арқалаған.

Апа,
Сен айтатын естілмей қырдың әні,
Түндерде асау сезім булығады.
Жаңа ірелген тоқтының терісіндей,
Қалада бусана алмай жүрмін әлі.

Апа,
Маңдайымнан сүйіп ең кетерде де,
Қала, міне, келдім бе бекерге не?!
Мен сағындым көктемгі төлдің иісін,
Әтір ғып шығармадың екен неге?

Апа,
Ести алмай кетіп ем дала жырын,
Хор қызы деп қаланың сан аруын.
Тігісінен сөгілген жүрек ұстап,
Жүрісінен жаңылып барады ұлың…

Апа,
Жоқ еді ғой сен жүрген шақта уайым,
Адастырды жолсызда аппақ айым.
Ауылдың қызын алып берем деуші ең,
Тезірек таныстыршы бақ табайын…
Апа…

ТурганНұртас ТҰРҒАНБЕКҰЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support