- Advertisement -

ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

78

- Advertisement -

Тараз қалалық Мәдениет үйінде құрылысшылар және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Онда облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков сөз алып, сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады.

– Биылғы жылы бұл атаулы күн Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Түрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы елімізді әлеуметтік-экономикалық дамыту және жаңғырту бойынша алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда қомақты үлес қосып келеді. Экономиканың жаңа серпін алып отырған маңызды саласының өкілі – құрылысшылардың ерен еңбегінің арқасында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, небір зәулім ғимараттар бой көтеруде. Сонымен бірге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жылу жүйелерін, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту бойынша алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда қомақты үлес қосып келеді, – деді.
Одан кейін Тараз қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Ахаев және басқа да басшылар әріптестерін құттықтап, ізгі тілектерін арнады. Бірқатар озаттар Тараз қаласы әкімі мен мәслихатының Алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Амангелді ӘБІЛ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support