- Advertisement -

Сұйытылған мұнай газына баға белгілеу

98

- Advertisement -

ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңына сәйкес сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасын ҚР Энергетика министрлігі белгілейді және бұл шекті баға елдің барлық аумағында қолданылады.

Ішкі нарықта газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасын белгілеу Ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеудің Ережелеріне сәйкес жүзеге асады.

Осылайша, 2015 жылдың ақпанынан Қазақстан Республикасында тоннасы 11 033,91 теңге дейгейінде көтерме шекті баға белгіленген және қолданыста болған. Бұл баға көршілес елдермен (Ресейде – тоннасы 59 019 теңге, Тәжікстанда – тоннасы 104 864 теңге) салыстырғанда бірнеше есе арзан. Демек, сұйытылған мұнай газын саудалап өткізушілер үшін сұйытылған мұнай газын еліміздің ішкі нарығына жеткізу тиімсіз деген сөз.

Елдің ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен тұрақты қамтамасыз ету және газ өндіруші зауыттар шығындарын азайту мақсатында жоғарыда аталған Ережеге өзгерістер енгізілді. ҚР Энергетика министрлігінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 301 бұйрығымен 2016 жылдың 30 қыркүйегі аралығы бойынша мерзімде тоннасы 23 106,45 теңге болып ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасы бекітілді.

Энергетика министрлігімен әкімдіктерге, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне және ҚР Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ішкі нарық үшін сұйытылған мұнай газы бөлшектік бағасының өсуіне жол бермеу жөнінде тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыным жасалды.

 Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support