- Advertisement -

Қазақ қызына деген махаббат африкалық жігітті қазақша сөйлетті (видео)

127

- Advertisement -

Даниэль Джеймстың Қазақстанда тұрып жатқанына 5 жыл болған. Ол Нигериядан келген. Анасы орыс қызы екен. Өзінің айтуынша, қазақ тілін үйренуіне махаббат әсер еткен.

Ол осы уақыт аралығында қазақ тілін еркін меңгеріп қана қоймай, қазақтың халық әндерін орындауды да үйреніп алған.

« Бүгінгі күні Қазақстан азаматымын. Осы жақта мектепте оқыдым. Сосын ҰБТ тапсырдым. Кейіннен Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясына оқуға түстім. Қазақ тілін үйренуіме махаббат көмектесті. Өйткені, қазақ қызына ғашық болып қалдым. Басында ағылшын тілінде танысқанымда ол маған қазақ тілінде жауап берді. Алғашқыда сол қызбен әңгімелесу үшін қазақ тілін үйренуге тура келді», – дейді Даниэль Джеймс.

Ол басында кішкене оқулық сатып алғанын айтады. Сосын көшеге шығып, адамдармен әңгімелесуді бастаған. Екі айдың ішінде септіктер, құрмалас сөйлем сияқты қазақ тілін заңдылықтарын меңгеріп алған.

Ол көктемде Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында қазақ тілінде ән шырқап берді.

Даниэль Алматыдағы Африкалық қоғамның президенті. Оның анасы — орыс, ал әкесі – нигерилық екен. Өзі кәсібі музыкант. Фортепиано мен домбырада еркін ойнайды. Қазақ қызына үйленген. Жарының есімі – Айдана. Екеуі Адель есімді бір ұлды тәрбиелеп отыр. Екеуі ең алғаш Алматыдағы Арбатта танысқан. Басында Айдананың ата-аналары бұл некеге қарсылық білдіріпті. Дегенмен Даниэль сүйіктісі үшін қазақ тілін үйреніп, Айдананың ата-анасының келісімін алған.

ақпарат көзі nur.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support