- Advertisement -

Британдық комментатор Келл Брукке Головкинмен жекпе-жектен бас тартуға кеңес берді

81

- Advertisement -

BT Sport және ESPN телекомментаторы Йэн Дарк Келл Бруктың Геннадий Головкинмен жекпе-жектен бас тартқаны жөн деп санайды.

a63c09953d106a25cf6d3ea2b07e9ee6_XL

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

“Келл Бруктың Головкинмен рингте кездеспегені жөн. Бұл өте қауіпті және оның мансабына нұқсан келтіруі мүмкін. Менеджерінің өте батыл екені көрініп тұр”, – деп жазды журналист өз твиттеріне.

Бұған дейін қазақстандық боксшы келесі қарсыласының Брук болатынын естігенде таңқалғанын жасырмаған еді.  Еске сала кетсек, Головкин-Брук арасындағы кездесу 10 қыркүйек күні Ұлыбританияда өтеді. Мамандар бұл жекпе-жек биылғы жылдың басты спорттық кештерінің көшбасшысы болады деп болжауда.

Ақпарат көзі: Stan.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support