- Advertisement -

Таразда «Шаңырақ» отбасы аллеясы ашылды

121

- Advertisement -

Бүгін Таразда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Шаңырақ» отбасы аллеясы ашылды, —  деп хабарлайды «Zhambylnews» ақпараттық агенттігі.
Іс-шара «Тараз» қонақ үйінің маңында өтті. Қала тұрғындарын құттықтауға белсенді жастардың өкілдері және жергілікті мемлекеттік мекемелердің басшылары келді.
— Отбасы аллеясын ашуға бұл жер жайдан-жай таңдалмады. Мұнда қазақтың киіз үйі, Ұлы Жібек жолы және көптен бері тұрған қонақ үй бар болғандықтан әдейі осы жерде отбасы аллеясын ашып отырмыз. Арнайы бағдарлама бойынша барлық облыстарға отбасы аллеясын ашу тапсырылған болатын, — дейді қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Кенжебек Олжабай.
Айта кетейік, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Маңғыстау облысы арнайы біздің қаламызға осы аллеяны тарту еткен болатын. Алдағы уақытта қаламыздағы отбасыларға арналған түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Ақпарат көзі: Zhambylnews

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support