- Advertisement -

«Егемен Қазақстан» басшысы Алматыда қаламгерлермен кездесті

139

- Advertisement -

011

Фото: Талғат Сүйінбай

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Дархан Қыдырәлі демалыс күндері Алматы қаласында болып, редакцияның осындағы бөлімшесі қызметкерлерімен кездесті.

Басылымның жаңа басшысы өз сөзінде ғасырға жуық тарихы бар аға газеттің алдағы өндірістік жоспарлары мен шығармашылық міндеттері түбегейлі түрде өзгеретінін жеткізді. Ол сонымен қатар басылымның жергілікте жердегі «құлағы мен көздерінің» пікірін тыңдап, ұсыныстарына ден қойды. Алматы тілшілеріне шаһардың еліміздегі аса ірі экономикалық-қаржылық орталық қана емес, терең тарихы мен шежіресі зор мәдени мегаполис екенін еске сала келіп, тілшілердің қаланың тіршілік-тынысы туралы оқырманға дәл әрі дер кезінде хабардар етіп, салалар бойынша қалам тербейтін авторлардың жаңа легін тарту туралы тапсырмалар берді. Алматы оқырмандары үшін таяу мезгілде қалада «Егеменнің» өзінің газет дүңгіршектері болатыны жайлы да хабардар етті.

012

Бұдан кейін Дархан Қыдырәлі қазақ журналистикасының абыз ақсақалы, Халық жазушысы, «Егемен Қазақстанның» бұрынғы бас редакторы Шерхан Мұртазаға сәлем бере барып, оның батасын алды. Келесі кезекте басылым басшысы газеттің кеңес кезеңінде редакторы болған, жанына өткір қаламы мен жалынды жігерін серік еткен Балғабек Қыдырбекұлының отбасында болып, қаламгердің жары  – алашордашы Сейдалы Оразалинның қызы Сапура апаймен кездесті. Алашордашылар қозғалысының 100 жылдығы қарсаңында өткізген өзара әңгіме танымдылық сипатымен қызықты болды.

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы сапары барысында сондай-ақ Алматыда шығатын бірқатар басылымдар басшыларымен, белгілі қаламгерлермен жүздесті.

Ақпарат көзі: Егемен Қазақстан

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support