- Advertisement -

Әзірге Қазақстан спортшылары Олимпиадаға 104 лицензия алды

95

- Advertisement -

17.07.2016 AST-3

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Жазғы Олимпия ойындары жақындап келеді. Осы күнге дейін Қазақстан дүбірлі додаға спорттың 26 түрінен 104 лицензия алды. 102 спортшыда лицензия бар. Екі спортшының лицензиясы халықаралық жеңіл атлетика федерациясының отырысында шешіледі. Бір айта кететін нәрсе, елімізде командалық спорт түрінен лицензиялар жоқ.

2012 жылы Лондон қаласында өткен Олимпиадаға елімізден спорттың 20 түрінен 115 спортшы қатысса, 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында жарыстың 22 түрінен 132 спортшы бақ сынасты. 2004 жылы Афинада өткен Ойындарға спорттың 17 түрінен 119 отандасымыз қатысса, 2000 жылы Сиднейде 130 спортшы, 1996 жылы Атланта Олимпиадасында 96 спортшы күш сынасты.

Ақпарат көзі: Егемен Қазақстан

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support