- Advertisement -

Фредди Роуч: Головкин кіші Юбенкті өлтіріп қоюы мүмкін

117

- Advertisement -

Бокстан танымал бапкер Фредди Роуч орта салмақтағы британдық былғары қолғап шебері кіші Крис Юбенк WBA/WBC/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге ешқандай қарсылық көрсете алмайтындығын айтады. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды. «Юбенк – тәп-тәуір боксшы, бірақ ол әкесінің деңгейіне жақындамайды да. Юбенкті бұл кездесуде өлтіріп қоюы мүмкін. Оның кездесулерін бақылап жүретінім бар. Бұл жақсы жекпе-жек болар еді», — дейді Роуч Fight Hype-ке берген сұхбатында. Бұған дейін Головкин мен кіші Юбенк арасындағы жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойылмай, нәтижесінде қазақстандық тағы бір британдық Келл Брукпен кездесетін болды.

                                                                                                                                                             Ақпарат көзі: www.24.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support