- Advertisement -

Астана — Балқаш — Астана әуе рейсі ашылды

77

- Advertisement -

«Оңтүстік аспаны» авиакомпаниясы еліміздің шипажайы көп Балқаш, Зайсан және Үржар қалаларына жаңа рейстер ашты. Жаңа бағыттар 15 шілдеден бастап Ан-24 әуе кемесімен іске асады — деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

 Осыған байланысты ұшу уақыттарын назарларыңызға ұсынамыз:

Алматы — Балқаш — Алматы — әр дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері. Ұшу ұзақтығы 1 сағат 25 минут. Екі бағытқа билет бағасы 28 мың теңге.

Астана — Балқаш — Астана — әр дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері. Ұшу ұзақтығы 1 сағат 35 минут. Екі бағытқа билет бағасы 28 мың теңге.

Өскемен — Зайсан — Өскемен — әр дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері. Ұшу ұзақтығы 1 сағат 10 минут. Екі бағытқа билет бағасы 12 мың теңге.

Семей — Үржар — Семей — әр дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері. Ұшу ұзақтығы 1 сағат 20 минут. Билет бағасы екі бағытқа 14 мың теңге.

Өскемен — Үржар — Өскемен (Семей арқылы) — дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері. Ұшу ұзақтығы 2 сағат. Билет бағасы екі бағытқа 20 мың теңге.

Алматы — Үржар — Алматы — әр сәрсенбі, жұма және жексенбі. Ұшу ұзақтығы 2 сағат. Екі бағытқа билет бағасы 28 мың теңге.

Билеттерді Қазақстанның барлық авикассаларында немесе www.scat.kz сайтынан сатып алуға болады.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support