- Advertisement -

2024 жылғы олимпиада астанасы қай қала болады?

82

- Advertisement -

Биылғы олимпиада ойындарынан кейін 2020 жылы Жапония Астанасы Токиода өтетін олимпиадаға дайындық басталады. Ал 2024 жылғы олимпиада астанасы әзірге белгісіз. Бірақ оған үміткер қалалар ретінде бес шаһар таңдалып отыр. ХХХІІІ олимпиада ойындарының астанасы қай қала болуы мүмкін? Оның 2017 жылы қыркүйекте Халықаралық олимпиада комитетінің Перудің Лима қаласында өтетін жиынында белгілі болмақ. Үміткер қалалардың бестігіне Будапешт (Венгрия), Гамбург (Германия), Рим (Италия), Париж (Франция) және Лос-Анджелес (АҚШ) қалалары еніп отыр.

Будапешт – 2024 жылғы олимпиадаға ең бірінші болып үміткер ретінде өтініш берген қала. Венгрия астанасы шығыс Еуропа елдері ішінде Мәскеуден кейінгі екінші мемлекет ретінде олимпиаданы өткізу құқығына ие болуы мүмкін.

Будапешт – Венгрияның ең ірі қалаларының бірі. Қала тұрғындарының саны 1,745 млн адамды құрайды. Бүгінде Будапешт Еуро одақ елдері ішінде халық саны жағынан сегізінші орында.

Венгрия – орталық Еуропа аумағындағы мемлекет. Халық саны 9,8 млн. адамды құрайды. Ел аумағы 93 036 шаршы шақырым. Әлемде жер көлемі бойынша 89-шы, халық саны бойынша 108 орында тұр.

Немістің Гамбург қаласы 2014 жылғы олимпиаданы өткізуге үміткер ретінде өтінішті 2015 жылдың қыркүйек айында ХОК тапсырған болатын. Жалпы, Германия 1936 жылы Берлинде, кейіннен 1972 жылы Мюнхенде олимпиада ойындарын өткізген. Сондай-ақ, 1936 жылы Гармиш-Партенкирхенде қысқы олимпиада ойындары өткен.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support