- Advertisement -

Қандастарымыз Қанат Исламға шапан жауып, темір тұлпар мінгізді

101

- Advertisement -

Кеше Алматыда қандастарымыз Қанат Исламның құрметіне дастархан жайып, той жасады. Бұл туралы Берік Сұлтанұлы Фейсбуктағы жеке парақшасында хабарлады.

Қанат Исламның ағайын-туыстары мен ауылдастары ақ тілегін айтып, дуалы ауыз ақсақалдар батасын берді. Той соңында жерлестері батырға шапан жауып, темір тұлпар сыйлады.

«Менің мақсатым бокстан дүние табу емес. Америкаға кетуімнің басты себебі — қазақтың атын шығарып, белгілі бір дәрежеге жету. Біздің ұлтқа қазір көк туды желбіретіп, намысты таптатпайтын азаматтар керек. Маған дүниеден бұрын жеңіс қымбат. Ел абыройы маңызды!» — дейді Қанат Ислам.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support