- Advertisement -

Олимпиада туын Тараз түлегі ұстайды

93

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қазақстанның Олимпиадалық құрамасы мүшелерімен кездесті.
Қазақстан Президенті қатысушыларға арнаған сөзінде Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшыларға еліміздің ерекше үміт артатынын атап өтті.
– Сендер спорттағы біздің олимпиадалық отбасымыздың толыққанды мүшесісіңдер. Қазақстандықтар Олимпиада нысандарындағы трибуналарда және теледидар алдында сендерге қолдау көрсететінін ұмытпауға тиіссіңдер. Сендердің қатысуларың барша отандастары­мызды рухтандырады және қуантады. Сондықтан сендердің алдағы жеңістеріңді біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сый ретінде күтеміз. Біз тебіреніс және шынайы толқыныспен сендердің жеңістеріңе сеніп, Олимпиада аяқталған соң жеңімпаздарды елде мақтанышпен және құрметпен күтетін боламыз, – деді Қазақстан Президенті.
d533cfce9c1++4cacc91c1480ea4b77c89 9506de++b1c694ae6f5371b21d6ae233eaМемлекет басшысы қазіргі кезде республикамыз Тәуелсіздік тарихындағы ең мықты спорттық әлеуетке ие екеніне тоқталып өтті.
– Олимпиада алдындағы ресми ойындардың қорытындылары Азия және әлем чемпионаттарында сүбелі нәтижелер көрсетіп жүрген қазақстандықтардың жаңа саңлақ буынын тәрбиелеп шығара алғанымызды байқатты. Жалпы, Қазақстан ұлттық құрамасы Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиаданың басталуына дайын болды. Бүгінде біздің спортшылар 38 олимпиадалық спорт түрінің 26-сы бойынша 100-ден астам лицензия ұтып алды. Мұның өзі жақсы жетістік, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев паралимпиада қозғалысының дамуына да мемлекеттің жүйелі қолдау көрсете отырып, спортпен шұғылдануға ниетті барша азаматтар үшін жағдай туғызып отырғанын айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарында ең айтулы халықаралық жарыстарда өз елінің туын мақтанышпен алып жүрген дарынды спортшылар шоғыры тәрбиеленгенін атап өтті.
– Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық спорт тарихына Олимпиада ойындарының 17 чемпионының есімі алтын әріптермен жазылды. Біз азаматтарымызды патриоттыққа, саламатты өмір салтына тәрбиелеуде олимпиадашыларымыздың еңбегі қаншалықты зор екенін білеміз. Бүгінде сіздердің алдарыңызда өздеріңіздің спорттық нәтижелеріңіз арқылы бүкіл әлемге Қазақстан спортының әлеуетін тағы да дәлелдеу міндеті тұр. Сіздер жалпыкомандалық есепте барынша жоғары орын иелену үшін ұмтылуға тиіссіздер. Сіздерге олимпиадалық жарысқа сапалы дайындалу үшін қажетті барлық жағдай жасалды, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Қазақстанның олимпиадалық құрамасы мүшелерін бар күш-жігерлерін жұмсауға, биік нәтиже мен спорттық бәсекеге ұмтылуға шақырды.
Қазақстанның спорт делегациясы өкілдері өз сөздерінде дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелеріне мемлекет ұдайы назар аударып келе жатқанын айта келіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа ақ тілегі мен қолдауы үшін алғыстарын айтты.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті олимпиадалық құраманың ту ұстаушысы Р.Жапаровқа Мемлекеттік Туды тапсырды.
Бұл – тәуелсіз Қазақстанның қатысып отырған 12-ші Олимпиадасы. Еліміз көк туымыздың астында 5 рет жазғы, 6 рет қысқы Олимпиада ойындарына қатысты.
* * *

Естеріңізге сала кетейік, Рио Олимпиадасына біздің облыстан 5 спортшы қатысады. Бокстан Азия чемпионы Олжас Сәттібаев, дзюдодан әлем чемпионы Елдос Сметов, таэквондошы Руслан Жапаров және жеңіл атлет Михаил Красивовтар Олимпиада ойындарының жүлдесінен үмітті болса, паралимпиада ойындарында бақ сынайтын Зульфия Габидуллина да медальға таласпақ.
Елбасының қолынан Олимпиаданың ту ұстаушысы ретінде көк байрағымызды алған Руслан Жапаров – Тараз қаласының түлегі. Руслан бір ай бұрын Филиппин астанасы Манила қаласында өткен Азиялық лицензиялық жарыста Олимпиадаға жолдама жеңіп алған болатын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support