- Advertisement -

«Қазақстан барысының» қызығы жақын

92

- Advertisement -

Ортамызға қайта оралған қазақ күресімен қауышып, қуанышқа кенелдік. Осы жылдар аралығында ұмытыла бастаған күрес түрінен айтулы додалар өтіп, көзайымға айналды. Жұрт «Қазақстан барысы» додасын асыға күтетін болды.
Биылғы «Қазақстан барысы – 2016» турнирінің финалы ертең, 3 шілде күні Астанада «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Турнирдің бас демеушісі «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры жүлде қорын 42 миллион теңгеге жеткізіп отыр.
Жуырда Астанада осы турнирді өткізуге әзірлік барысында өткен жиында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақ күресі федерациясының Құрметті президенті болып сайланды. Жиында балуандардың күртешелеріне өзгеріс жасалғаны туралы хабарланды. Енді турнирге қатысатын 33 балуан шынтақ буыны 5 см-ге, шалбардың балағы 10 см-ге ұзартылған күртеше киіп, кілемге шығады. Күртешеге өзгерістер балуандардың күрескенде ыңғайлы болуы үшін жасалды десті мамандар.
Сондай-ақ, Қазақ күресі федерациясының вице-президенті Садық Мұстафаев аталған турнирдің ережесіне де өзгерістер енгізілгенін айтты. Ол балуандар күресіп жатқанда белбеуін шешсе, ескерту жасалатынын, кілемді қолымен тіреп тұрса қарсыласына бүк ұпайы берілетінін жеткізді.
Ертең өткелі отырған ірі доданың жүлдесі де қомақты. Турнирдің жеңімпазына 25 миллион теңге, жеңіл автокөлік және Астанадан пәтер берілмек.
Бұл додаға Жамбыл өңірінен қазақ күресінің баһадүрі Бейбіт Ыстыбаев, Айбол Айтбек, Дәулетхан Жақып қатысып, боз кілемде бақ сынайды. Балуандарымыздың жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support