- Advertisement -

Журналистер тастаяқтан сынға түсті

133

- Advertisement -

Әлемде ақсүйектердің ойыны деген бейресми атауы бар тастаяқ спортының америкалық түрі бойынша Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында ТИГУ ректорының кубогі сарапқа салынды. Аталмыш жоғары оқу орнының ректоры Ерболат Саурықовтың екінші мәрте ұйымдастыруымен өткізілген додаға биыл 34 журналист қатысып, шеберлік бақ сынады.
Тартысты сында жеңімпаз бір кезең қорытындысы бойынша анықталып, олимпиадалық кестеге сәйкес өткізілді. Жеңілгендер жарыс жолынан шығып қалып отырды.
Дода барысында өзінің шын мықты екенін нақтылай білген «77» телеарнасының редакторы Берік Жакулаев барлық қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанса, журналист Данияр Жаманбаев екінші орынға орнықты. Ал үздік үштікті «Хабар» телеарнасының облысымыздағы меншікті тілшісі Нұржан Мергенбай қорытындылады. Дода қорытындысында Берік Жакулаевқа ақшалай сыйлықпен қоса, ректордың ауыспалы кубогі табысталды. Өзге жүлдегерлерге және үздік ойын көрсеткен тастаяқшыларға қаржылай сыйлықты ТИГУ-дың ғылым және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Мұқатай Немеребаев тапсырды.

* * *

Кеше журналист Мұса Рахманбердиев атындағы тастаяқтан тілшілер арасындағы дәстүрлі турнир өз мәресіне жетті. Доданың ашылу салтанатында Тараз қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Кенжебек Олжабай сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Тастаяқтың америкалық түрі бойынша өткен турнирге 24 тілші қатысты.
Турнир қорытындысында «Салық тәртібі» газетінің қызметкері Дәурен Үмбетов топ жарса, «Арай» жастар газетінің тілшісі Саятхан Сатылғанов екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті «77» телеарнасының операторы Серік Тәжібай қорытындылады. Турнирдің жабылу салтанатында сөз алған «Қазақстан-Тараз» телеарнасының директоры Мейрамбек Төлепберген жарысқа қатысқан тілшілер қауымына дән ризашылығын білдірді. Бұл доданы аты аталған телеарна тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Додада қатарынан оза шауып бәйге алған әріптестерімізге қаржылай сыйақылар табысталды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support