- Advertisement -

Аспаннан «Алла» сөзі байқалды

82

- Advertisement -

Шымкент тұрғыны ерекше құбылыстың куәсі болды. Ол аспаннан араб тілінде Алла мағынасын білдіретін сөзді суретке түсіріп алған.
«Мен жеке үйде тұрамын, жазда аулада таза ауада ұйықтағанды жақсы көремін. Бүгін әдеттегідей таңертең ерте шамамен сағат 6:00-ге таман ояндым. Аспанға қарадым, алғашында ерекше ештеңе байқаған жоқпын, ал анықтап қарағанда таныс араб сөзін көрдім. Маған бұл өте қызық болып көрінді, содан кейін суретке түсіріп алдым. 10 минут өткеннен кейін, бұлт таралып кетті», дейді фото авторы Серік есімді азамат.
Аталмыш суретке қатысты Оңтүстік Қазақстан облысы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров: «Шымкент тұрғынының аспандағы құбылысты суретке түсіріп алғаны мені өте қатты таңғалдырды. Суреттегі бұлт арасындағы сөз шын мәнінде араб тіліндегі Алла сөзіне ұқсас. Мен мұны табиғат құбылысы және Алланың Рамазан айында берген сыйы деп түсінем. Алла өзінің бар екенін адамдарға тағы да білдірмек болды. Қасиетті айда мұндай тосын жайт бірінші рет кездесіп тұр» деді.

«AlashInform.kz» сайтынан алынды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support