- Advertisement -

Жат ғаламшарлықтың бас сүйегі ме?

76

- Advertisement -

Марс ғаламшарын зерттеумен айналысатын Curiosity түсірген кезекті суреттің бірінде аталған ғаламшардан ерекше нысан байқалған. Уфологтар бұл нысанға мән беріп қараса, оның жат ғаламшарлықтың немесе қар адамының бас сүйегіне ұқсайтынын айтады.
Бұл жаңалықтың бейнежазбасы «YouTube» желісіндегі «Paranormal Crucible» арнасында кеңінен түсіндіріледі. Ол бейнежазбада бұл суреттер осы жылдың мамыр айының соңында жасалғаны айтылады. Онда шын мәнінде, бас сүйекке өте ұқсас дене көрінеді. Жат ғаламшарлықтың басына ұқсастығы суретті жақындата түскенде айқын байқалады.
Көптеген интернет қолданушылары уфологтардың бұл бейне жай тас немесе жартастың бір бөлшегі болуы да мүмкін деген болжамын қабылдамауда.
Айта кетерлігі, Қызыл ғаламшарда ерекше сурет бірінші рет байқалып отырған жоқ. Өткен жылы NASA жариялаған суреттердің бірінде онда қар адамына ұқсас бейне байқалып қалған болатын.

«Tengrinews» сайтынан алынды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support