- Advertisement -

Жақсы маман, сапалы жұмыс

64

- Advertisement -

Облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың жалпы ұзындығы 1237 шақырымды құрайды. «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» халықаралық транзитті дәлізінің бірқатар құрылыс және жаңғырту жұмыстары Азиялық және Исламдық даму банктері тарапынан қаржыландырылған. Бұл жөнінде өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Қазақавтожол» РМК облыстық филиалының директоры Қайрат Кәрібаев мәлімдеді.

Баяндамашы айтып өткендей, «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» халықаралық транзитті дәлізінің облыс аумағынан өтетін 495 шақырымының 295 шақырымы бірінші техникалық санатта төрт жолақты, 200 шақырымы екінші техникалық санаттағы екі жолақты. Бұл жолдың 351 шақырымы цементбетонды, 144 шақырымы асфальтбетонды жамылғылы екені баршаға мәлім болса керек. Жалпы автобанның құрылыс жұмыстарын жүргізу кезеңінде 22 көпір, 15 жол өткелі, 643 су өткізгіш құбыры, 11 көліктік жол айрығы салынған. Сондай-ақ, Тараз қаласы аумағында, Отар, Қордай, Меркі, Ақыртөбе, Б.Момышұлы ауылдарында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» автожолымен тәулігіне шамамен 7500 автокөлік жүріп өтеді екен. Жолдың қауіпсіздігі де ескерілген.
Бұл мекеме жол бойындағы өрт қауіпсіздігіне де дайындықтарын күшейтіпті. Бұл бағыттағы жұмыстарға 5 автогрейдер, 3 су шашқыш машина, 3 «Газель» автокөлігі жұмылдырылуда.
Жиында жолдарды таза ұстау, сапалылығын қадағалау жайы да баса айтылды. Негізі, жолдың сапасы 25 жылға, көпір мен өткелдердің сапасы кемі 50-60 жылға есептеліп, салынады екен.
Қайрат Кәлелханұлы БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Сондай-ақ, ол жолаушыларды жол тәртібін сақтап, үлкен трассалардың тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Есет Досалы,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support