- Advertisement -

Ішкі істер департаменттерінің жаңа басшылары тағайындалды

104

- Advertisement -

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-лейтенанты Марат Демеуов Ақмола облысының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің жаңа бастықтарын жеке құрамға таныстырды.

ІІМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақмола облысының ІІД бастығы лауазымына полиция полковнигі Ержан Саденов тағайындалды.
Ержан Сапарбекұлы Саденов Шығыс Қазақстан облысында туған. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін және ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған. ҚР ІІМ департаментінің бастығы, көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы болып қызмет атқарды.
Ал ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Көліктегі ІІД бастығы лауазымына полиция полковнигі Аманжол Қабылов тағайындалды.
Аманжол Жайғалиұлы Қабылов Атырау облысында туған. Маңғыстау облысының ІІД бастығы, ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. Соңғы жұмыс істеген лауазымы — ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов облыстың және көліктегі полицияның жаңа басшыларына жемісті еңбек тіледі.

ақпарат көзі kazinform

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support