- Advertisement -

Бүгін бір жігітпен таныстым

104

- Advertisement -

Таңның самалын тотыдайын таранып қарсы алып, әр кешті терезеге телмірумен өткізетін едім. Қазір ойлап қоямын, есі дұрыс адамның жігіті терезеден келе ме екен? Оның үстіне төртінші қабат болса?!
Не керек, бүгін «саябақта» деп өзімше болып айтпай-ақ қояйын, жұмысқа бара жатқан қотыр-шотыр жолдың үстін ұшы үшкір топлиыммен топ-топ етіп басып кетіп бара жатыр едім, артымнан бір жігіт дауыстап:
– Қарындас, сізбен танысуға болады ма? – деді.
Кәдімгідей басқаша сезім бойымды билеп келе жатыр еді, түріме қарап:
– Қалжыңдаймын, – деді.
– Өй, сен де. Маздаған бір үмітті сөндірдің! – деп өзімше болып кете бардым.
Осының бәрін көріп тұрған тағы бір жігіт бар екен. Құдай біледі, мені аяп кетті-ау деймін:
– Қара қыз, ол сізге қарамаса, сіз маған қараңыз, – деді.
Әлгіден қалған көңіл бар… Ұрыссам ба екен? Бірақ «бұған да жетпей жүрген тағы жеті қыз бар ғой, сорымды асыра бермейін» деп, әлгі жігітпен таныстым. Қазір бір айдан асты, бізде «махаббатизация» кәдімгідей. Екеуміз жолда келе жатырмыз. Ол маған:
– Жаным, маған қарызға ақша берші! – дейді.
– Қойшы!
– Неге?
– Үйленген соң бермей кетесің! – дедім.
Қатырдым-ау деймін, ә? Ойланып қалды ол да.
Ол мені үйіне таныстыруға алып бармақшы. Мен де бармақшымын…
– Әке-Ана! Мінекей келіндеріңіз! Замангүл Жалғанқызы!
– Жетісіпсің! – деді Ырбиған Тырбиғанұлы.
– Жетісіппін! – дедім мен де, Ырбиған Тырбиғанұлына көзімді қысып:
– Жақсы болды, келесі жылға сізге көп клиент, клиент деппін ғой, студент жинап беремін, – дедім.

* * *

Ал, ағайын, тойға келіңіздер! Қанша клиент, клиент деппін ғой, студент жинағанымды тойдың қалай өткенінен көресіздер!!!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support