- Advertisement -

Кәсіпкерлер палатасы көрікті ғимаратқа көшті

89

- Advertisement -

Облыстық кәсіпкерлер палатасы жаңа ғимаратқа қоныс аударды. 

Тараз қаласындағы Төле би даңғылының бойында орналасқан «Інжу плаза» аталатын бизнес орталығының 8 қабатты ғимараты – қала көркіне айналған нысанның бірі. Облыстық кәсіпкерлер палатасы аталған орталыққа алғашқылардың бірі болып көш бастады.
«Інжу плазада» жұмыс­тарын жалғастыратын палата тыныс-тіршілігімен танысып, жаңа қонысқа құтты болсын айту үшін облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев арнайы ат басын бұрған болатын. Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова облыс басшысына ұйым жұмысы мен алға қойған мақсаттары жөнінде қысқаша айтып берді.
Кәсіпкерлікті қолдау мен салаға қатысты көптеген мәселелердің түйінін шешуде белсене жұмыс істеп жатқан ұжым жаңа да жайлы жұмыс орнындағы алғашқы еңбек күндерін тың серпінмен бастап кетті.

Маржан РАҚАЙ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support