- Advertisement -

Көп болып күресейік

77

- Advertisement -

Қай заманда, қай мемлекетте болсын жемқорлық – жегі құрт, экономиканы артқа тартушы фактор, ал онымен күресу бірінші кезекте тұруы тиіс. Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміз үшін бүгінгі күнгі күрделі мәселе болып отыр. Әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Жемқорлық деген не? Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады. Жемқорлық — мемлекеттік басқару құрылымдарында лауазымды қызметкерлердің қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері болып табылады. Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің асқынуына ұрындырады. Сыбайлас жемқорлық түсінігі – өзінің пайдасы үшін пайдалануды білдіретін термин. Оның тарихи тамыры көздеген мақсатқа әуре-сарсаңға түспей жету үшін сыйлық жасау әдетінен шығады. Бағалы сыйлық оның өтінішінің орындалуына көмек болады. Олар өз кірістерін жалақыдан анағұрлым көбейту үшін өздерінің қызмет өкілеттіктерін асыра пайдалануға тырысады.
Біз өзгелер сыйлайтын ел боламыз десек сыбайластыққа қарсы бітпес күрес ашуымыз қажет. Өзінің туған елін, туған өлкесі өмір көшінен қалып қоймауын қаламайтын әрбір саналы азамат жемқорлықты ауыздықтау ісіне өзінің үлесін қосуы тиіс.

Әділет Сабырұлы,
әділет капитаны.

Тараз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support