- Advertisement -

Халық құрметі

101

- Advertisement -

Мұхамеджан Қаратаев.

Жамбылмен етене араласқан тұсым – Кавказға барған жолы.
Ауылдағы Жамбылға машинамен Қалмақан Әбдіқадыровты жібердік. Сол күні кешке Жамбылды алып келді. Жәкең бармаймын деп отырып, ақыры жүруге көніпті. Бірақ, шәкірті Кенен мен баласы Сатышты ертіп жүруді шарт етіпті. Шалдың шартын қабылдауға тура келді.
Делегация Тбилисиге пойызбен Москва арқылы жүруге аттанды. Міне осы сапарда біз Жамбылды халықтың қалай қадірлейтінін көзімізбен көріп ғажап қалдық.
Жолға шыққан күні Жәкеңнің жүрегі лоблып, басы айналып мазасы кетіп қалды. Бәріміздің зәре-құтымыз қалмады. Жамбыл стансасында (онда ол Мирзоян деп аталатын-ды) бізді қарсы алуға колхозшылар келіпті. Ішінде Жәкеңді танитын шалдар да табылды. Олар даңқты жерлесіне бал татыған сары қымыз бен тоқтының басын салған уыз етін алып шығыпты. Халқының ықыласына қатты риза болған Жәкең бір заматта жайсыз күйінен айығып сала берді. Пойыз Түлкібастан өткен тұста Жамбыл купеде оңаша қалды. Терезеден тау бөктеріне төне қарап отырған. Бір мезетте ол Тайыр Жароковты шақырып алып:
– Қайыр (Тайырды Жәкең, неге екенін білмеймін, Қайыр деуші еді және сонысы біртүрлі жылы естілетін еді), қағаз, қарындаш алшы. Жаза алар ма екенсің?.. – деді.
Ақын домбырасын дыңғырлатып отырды да жыр өлеңдерін төпей жөнелді. Тайырдың қарындашы да домбыра қаққан ақын саусағымен жарыса жанталасты. Көп ұзамай Жәкең жырын тоқтатып, домбырасын алып қойды. Тайыр жазғанын оқып шықты. Автор тағы бір-екі сөз қосты. Бәріміз отырып жырдың атын қойдық: «Кавказға сәлем» болсын делінді. Мен табанда жолма-жол аудармасын жасадым. Павел Кузнецов орысша өлеңге айналдыруға кірісті.
Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында да тамаша кездесулер болды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support