- Advertisement -

«Тараз химиялық паркі» – дамудың кепілі

119

- Advertisement -

Нұрлан Жақсыбаев,
аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.

Өңіріміздің ғана емес, бүкіл елдің назарын аудартқан мегажоба «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы ірі бастамалардың бірегейі аталып отыр. Бұл жобаның мақсаты химиялық өнімдердің жаңа өндірісін қалыптастыру болып табылады.
Шамамен 16-21 зауыттың шоғырына айналатын алып өндіріс Шу қаласынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Құны 2 725 миллион АҚШ долларын құрайтын жоба болашақта 2500 адамды жұмыспен қамтымақшы. Бүгінгі таңда кәсіпорынның 505 гектар жерінің төңірегінде ішкі-сыртқы инфрақұрылымы жүргізілуде. 2015 жылы 10 шақырым газ құбыры тартылып, 6,4 шақырым темір жол және 5,8 шақырым автожол дәлізі жүргізілуде. 5 шақырым электр желісі тартылды. Сондай-ақ, су құбырын тарту жұмыстары 60 пайызға орындалып отыр.
«Тараз химиялық паркі» акционерлік қоғамымен келісімшартқа отырып, инфрақұрылым құрылысын «КАТЭК», «Өркен», «KazHiTechEuroBuilding», «ISS Engineering» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері атқаруда. Осы тірліктің бәрі облыс басшысының тікелей қадағалауымен жүзеге асырылып жатыр. Биыл да атқарылатын шаруа аз емес. Өңірімізге экономи­калық серпіліс әкеліп отырған ірі жобаға сәттілік тілейміз.

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support