- Advertisement -

Алматылықтар жұмысқа жаппай велосипедпен бармақ

72

- Advertisement -

20160209142330Алматылықтар 12 ақпанда халықаралық «Қыстыгүні жұмысқа — велосипедпен» акциясына қатыспақшы. Қазірдің өзінде 100 алматылық өтініш білдірді.

«Велосипед қыстың аязы мен суығына қарамастан экологиялық таза, денсаулыққа пайдалы көлік екені рас. Тіркелгендердің ішінде 2 астаналық та бар», — деді «Вело-Алматы» тобының мүшесі Тимур Жұрқашев.

Қазір Алматы  қалалардың ішінде тіркелген адам саны бойынша 11-орында тұр. Тіркелу үшін қатысушыларwinterbiketoworkday.org сайтында жазылуы керек.

Салауатты өмір салтын қолдаушылар Инстаграмда #наработунавелосипеде #алматынавелосипеде #зимойвелосипеде #veloalmaty хэштегтерін пайдаланып суреттерін қояды.

«Вело-Алматы» белсенділері 5 үздік жарияланымға сыйлық берілетін болады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support