Қазақстанда -35ºC дейін күн суытады

79

pogudxcspq8shk5ga.962d52ddЕлімізде 19 және 20 қаңтарда қатты аяз болады деп күтілуде, деп хабарлады Қагидрометке сілтеме жасмап Қазақпарат.

Ресейдің Сібірдегі Таймыр өлкесінен басталған суық антицклон Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарына ықпал ететін болады.

Алдағы тәуліктерде 19-20 қаңтарда  қатты аяз болып, түнгі температура 30-35ºC, ал күндіз 20-25ºC аяз болады деп күтілуде. Оған күшті жел мен бұрқасын қосылып, күн одан сайын суыта түспек.

21 қаңтарда оңтүстік циклонның тегеурінімен антициклон мен аяз шығысқа қарай ауысады.

Республиканың батысында Қара теңізден циклон ықпалымен жылбысқы қар жауып, жел 15-25 м/с-қа жетіп, температура  3-8ºC-қа климаттық нормадан артады деп күтілуде.

Оңтүстікте ауа райы жылы, жауын-шашынсыз болмақ.

Comments are closed.