- Advertisement -

Аласапыранға сай амал табуымыз керек

82

- Advertisement -

Еркінбек Солтыбаев,
облыстық ардагерлер ұйымы
кеңесінің төрағасы.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев-тың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты тақырыптағы Жолдауын бар ынта-ықыласымды қойып тыңдадым. Елбасымыздың осындай сын сағатта бірлігіміздің сақталуы аса маңызды екенін айтып, баршамызға ел игілігі үшін аянбай тер төгу қажет екенін ұқтырды.
«Сәт сайын құбылған аласапыранға сай амал табуымыз керек. Ең жақсы жоспар уақыт талабына бейімделген жоспар болып саналады. Біз де заманның беталысына қарай, межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отыруымыз қажет. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету», – деді Елбасымыз Жолдауда. Сондай-ақ, Ұлт Көшбасшысы әлеуметтік төлемдердің қысқармайтынын айтты. Халықтың тұрмыс-тіршілігін нығайтатын шаралардың жалғасын табатынын жеткізді.
Негізі Елбасы қай саланы, қай буынды болмасын, ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Соның ішінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне де айрықша қамқорлық көрсетуде. Мәселен, Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Президентіміздің бастамасымен Қазақстанда ардагерлерді қолдаудың жалпыұлттық акциясы қолға алынып, соның нәтижесінде жыл бойы көптеген ауқымды шаралар жүзеге асырылды. Акция аясында республиканың барлық облыстары мен қалалары және аудандарында әкімдер ардагерлердің үйіне арнайы барып, Мемлекет басшысының сыйлығын табыстап, құрмет көрсетті.
Сонымен қатар, ардагерлердің жасаған ерліктері туралы естеліктер жинақ болып шығарылып, майдангерлердің даңқын асқақтатты. Бұл, бір жағынан, жастарға көрсетілген үлгі-өнеге екенін айта кетуіміз керек. Сұрапыл соғыстан қайтпай қалған солдаттардың дерегін іздестіру, көзі тірі қарт жауынгерлердің түрлі сауықтыру кешені мен курорттарға, Астана, Мәскеу қаласында өткен парадтарға жіберілуі, оларға баспана беріліп, қоғамдық көлікте тегін жүру мәртебесіне ие болуы, газ, электр энергиясы мен жылу секілді коммуналдық қызметтерді тегін тұтынуы ардагерлерге көрсетіліп келе жатқан қамқорлықтың бір парасы ғана.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың ардагерлерге деген ерекше сыйы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадқа қатысуына жағдай жасағаны болды. Халқымызға бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Жеңіс болса, жеңіске жетуге күш салған – ардагерлер. Ардагерлерге арнап облыс орталығынан қос қабатты «Ардагерлер үйінің» салынуын да басшылардың аға буынға деген құрметі деп түсінемін. Осы игі істердің бәрінің басында Нұрсұлтан Әбішұлы тұрғанын айтуға тиіспіз.
Татулығы мен ынтымағы жарасқан мемлекетте өмір сүріп жатқан қазақстандықтардың арманы жоқ деп ойлаймын. Бейбітшілік үшін, еліміздің ертеңі үшін кеуделерін оққа тосқан ардагерлер үшін осы заманды көзбен көру – бақыт.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support