Уақыт ырғалып-жырғалуды көтермейді

Уақыт ырғалып-жырғалуды көтермейді
ашық дереккөз
Уақыт ырғалып-жырғалуды көтермейді

Жандар КӘ­РІ­БАЙҰЛЫ, қоғам қайраткері.

– Тәуелсіздігіміздің әр күні жылға татитын­дай тарихи кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Маңызы зор саяси оқиғалар қоғам өміріне жаңаша сипат, мәнді мазмұн беруде. Солардың ішінде әлем назарын тағы да өзіне аударған айтулы мереке – Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа жария еткен Жолдауы. Ел дамуына серпін беретін бұл стратегиялық маңызды құжат бұрынғылардан ертерек жолданып отыр. Оның себебі бар. Өйткені, ел дамуындағы басым бағыттарды айқындап, сыртқы сын-қатер ахуалдар күрделі болып тұрған кезеңде ырғалып-жырғалуды көтермейтін жедел шешілуі тиіс міндеттерді күнілгері белгілеу қажет болды. Бұл Жолдау сонысымен айрықша маңызды. Енді Үкімет, жергілікті атқарушы органдар терең талданған тапсырмаларды тезірек әрі сапалы жүзеге асыруы тиіс. Мемлекет басшысының әлемді жайлаған дағдарыстың қоғам дамуына қиындық тудырумен қатар одан шығудың жолдарын тауып, мүмкіндіктерді барынша кәдеге асыруға жігерлендіретін қуаты бар екендігін баса көрсеткені ерекше қанағат сезімін тудырады. Елбасы дағдарыс тығырығынан шығу, жаңа белестерді ба­ғын­дыру, қандай қиын­дықтар болса да әлемдегі озық 30 елдің қатарынан көріну мақсатынан таймау үшін 5 халықтық реформаны жүзеге асыратын 100 ұлт қадамына қуат беретін 5 міндетті айқындап берді. Олар қаржылық секторды тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаңа инвестиция­лар тарту, жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыру. Айтылған бағыттардың әрқайсысы бағдар­шам ретінде аса маңызды. Елбасы рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар дей келіп, қазақстандықтардың жасам­паздығына үлкен сенім артып отыр. Ал сенімнің жауапкершілік жүктейтінін біз жақсы білеміз. Тараз.

Ұқсас жаңалықтар