- Advertisement -

Қырғызстанмен шектесетін Қордай ауданының тұрғындары ЕАЭО артықшылығын сезіне бастады (ФОТО)

84

- Advertisement -

20151112234242Бүгінде «Қордай» шекаралық бақылау-өткізу пункті арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өтетін азаматтар легі көбейе түсті, ал оның ережелері оңайланды. Бұны Қырғыз Республикасының астанасы — Бішкектен небәрі 22 шақырым жерде тұрған Жамбыл облысындағы «Қордай» бақылау-өткізу пунктінің қызметкерлері де, шекаралық Қордай ауданының тұрғындары да айтады.

2001 жылы Қазақстан мен Қырғызстан арасында шекараны межелеу жүргізілді, проблемалық мәселелер шешілді, бұл  шекараны Орталық Азиядағы ең тыныш өткелдердің біріне айналдырды. Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одаққа кіргеннен кейін Қазақстанмен кедендік шекара ашылды және бүгінде екі ел азаматтарының жүріп-тұруы және жүктерді өткізу жаңа оңайлатылған  ережемен атқарылуда.

 «Қазір шекарадан өту анағұрлым оңай, — дейді Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғыны Яргубе Исқақов. — Шекаралық пунктіндегі бақылаудан өту жетіп жатыр. Үлкен кезек жоқ, адамдар бақылаудан шапшаң өткізіледі, автомашиналар жедел тексеріледі».

Алматылық кәсіпкер Айгүл Нұғыманова шекаралық бақылау-өткізу пунктінен өткізудің жаңа шарттарына риза. «Бұрын тауар өткізуде шектеулер болатын, декларарация толтыру да, кедендік баж төлеу де күрделі еді. Ал енді бәрі де оңайлатылып, жеделдетіле түсті, құжаттарың дұрыс болса болғаны», — дейді ол.

 «Қордай» шекаралық пункті бөлім бастығының орынбасары Ерболат Тоқтасынұлының айтуынша,  ЕАЭО жаңа ережелерінің енгізілуімен Қырғызстанға және одан кері қарай азаматтар ағыны едәуір ұлғайған.

«Жазғы уақытта «Қордай» БӨП арқылы шамамен 35-40 мың адам, ал қазір 3 — 3,5 мың адам өтеді. Кедендік бақылау алынып тасталғанын пайдалана отырып, көптеген қазақстандықтар көрші елге тауарларға, Ыстықкөлге демалуға ағылды. Қырғызстандықтар да жүктерін шекарадан өткізіп, біздің елге тауарларын сатады. Сонымен қатар бірқатары шекараның екі бетіндегі туыстарымен және достарымен қауышып жатыр. Көрші елдің тұрғындары бізге жұмысқа келеді. ЕАЭО жаңа ережелері бойынша олар енді Еуразиялық одақ елдерінің аумағында еңбек мигранттары болып саналмайды», — дейді шекаралық қызмет өкілі.

Шекарашылар кейбір қызықты жағдайларды да байқаған. Қордай ауылының тұрғын әйелі шекарадан жиі өтіп жүрген, «Біз көршілес елге жиі қатынап жүрген себебін сұрадық. Ол «Памперс сатып аламын. Онда арзанырақ», — деп жауап берді», — деп әңгімеледі Е.Тоқтасынұлы.

Шекарадан өткендегі бірден бір қиындық салық немесе басқа да міндеттемелер бойынша борыштар болуы. Сондықтан да мұндай жағдайды болдырмас үшін шекарашылар Интернеттегі өзекті базадан қаржылық талаптар бар-жоғын алдын ала тексеріп алуды ұсынады.

Қордай ауданы әкімдігімен бірлесіп, ҚР Шекара қызметінің 2038-ші әскери бөлімінің қызметкерлері аудан халқымен жиындар өткізіп,  Еуразиялық экономикалық одақ құрылуымен белгіленген өз жұмыстарының жаңа принциптерін түсіндіреді. «Кейбір азаматтар бірлестіктің мәнісін түсінбейді де,  әлі де құжаттарды тексеріп жатыр, деп өз реніштерін білдіреді, — дейді Е.Тоқтасынұлы. — Біз экономикалық одақ еркін сауданы білдіретінін тұсіндіреміз. Кедендік рәсімдеу және бақылау жоқ, одақтың ішкі шекарасында алымдар жоқ. Бірақ та еліміздің мемлекеттік шекарасын күзетуді ешкім алып тастаған жоқ».

Қордай ауданы әкімдігінің мәліметтері бойынша, аймақта ЕАЭО ауқымында жаңа инвестициялық мүмкіндіктер және энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы салаларында ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру көкжиектері ашылды. Жеті айдың қорытындысы бойынша, бөлшек сауда айналымы 8,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,2 пайызға көп. Көтерме сауда көлемі 14,1 млрд. теңгені құрап, 152 пайызға артып отыр.

Қазақстан Қырғызстанның басты экономикалық және саяси әріптесі екені белгілі. Қатынастардың шарттық-құқықтық базасы 140-қа жуық құжатты құрайды, соның ішінде 1999 жылы қол қойылған Мәңгі достық туралы шарт және 2003 жылғы Одақтық қатынастар туралы шарт бар. Қазақстан мен Қырғызстан орнықты қатынастарды және бір-бірін толықтыратын экономикалық кооперацияны жолға қойды. Қазақстаннан Қырғызстан нарығына газ, көмір, электровоздар, жабдықтар, құрылыс материалдары. фармацевтика, азық-түлік өнімдері (бидай, ұн және астық өнімдері, күріш, күнбағыс майы) жөнелтіледі. Қырғыз Республикасынан Қазақстанның оңтүстік облыстарына электр энергиясы, сүт өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы өнімдері, халық тұтынатын тауарлар жеткізіледі.

2014 жылы біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 924,27 млрд. долларды құрады. Қырғызстан үшін Қазақстан сыртқы сауда бойынша Қытай мен Ресейден кейінгі үшінші әріптес. 2015-2017 жылдары Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымының көлемі екі еседен астам арта түспек.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support