- Advertisement -

ШҚО-да полиция сержанты көрсеткіштерді жақсарту үшін марқұмды «тірілткен»

65

- Advertisement -

колШҚО-ның полиция сержантын көрсеткіштерді жақсарту мақсатында марқұмды «тірілткені» үшін Шемонаиха соты жазаға тартты.

Полиция бөлімінің патрульдік қызметкері әкімшілік тәртіпбұзушылықтарды анықтаудағы көрсеткіштерін жақсарту үшін жалған құжат әзірлеген.

Сол үшін, тіпті 2010 жылы қаза болған тұрғынды «тірілтуден» де тайынбаған. Ол қайтыс болған азаматтың жеке куәлігінің көшірмесін алып, оған Шемонаиха стансасында тыйым салынған жерді 2015 жылдың 18 қаңтарында кесіп өткені үшін «айыппұл» салған.

“Сотталушы, әкімшілік тәртіпбұзушылықтар ісі бойынша жалған дәлелдерді ұсынғаны үшін кінәлі деп табылды. Оған 1 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығын шектеу әрі мемлекеттік билік органдарында 2 жылға қызметтен аластату жазасы тағайындалды. Бұдан өзге ол полиция сержанты шенінен айырылды”, – делінген Шемонаиха аудандық сотының баспасөз хабарламасында.

Экс-сержант өз кінәсін мойындамай, бұл әрекетке бастығының бұйрығымен барғанын алға тартты. Ол сот шешіміне қарсылық білдірмек.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support