- Advertisement -

Жамбыл өңірі азық-түліктен тарықпайды

98

- Advertisement -

1440571460_1Ең бастысы – халықтың қалтасына салмақ түспеуі тиіс. Жамбыл өңіріне жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев жергілікті шенділерге азық-түлік бағасын қадағалап отыруды тапсырды,-деп жазады khabar.kz.

Сапарбаев аймақтағы сауда орындарын аралап, бағаларды көріп шықты.  Жалпы, валютамыздың еркін айналымға жіберілуі өңірдегі өнім бағаларына әсер етпепті. Нан бағасы бұрынғыша — 45 теңге, бірінші сұрыпты ұнның келісі 79 теңге, ет 1100 бен 1300 теңге аралығында сатылуда. Жағдайды жіті бақылауда ұстау үшін, штаб құрылып, мобильді топтар жұмыс істеп жатыр. «Халыққа қажетті тауарлардың тапшылығын болдырмау үшін, облыстың тұрақтандыру қорынан қажетті азық-түлік жеткізіліп жатыр», – деп есеп берді жергілікті әкімдік өкілдері. Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары -Президент негізгі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын еш қымбатамауын қатаң тапсырды. Олардың жалпы саны – 33. Өзімізде соның тек екі түрі ғана шығарылмайды. Ол – қант пен шәй. Яғни, біз өз-өзімізді қамтамасыз ете алуымыз қажет. Ал жергілікті жердегі жауапты органдар, басқармалар мен мекемелер күнделікті дүкендерді қарап шығып, бағалардың көтерілмеуіне күш салулары тиіс.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support