- Advertisement -

Жуалы ауданында «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 871 бас қой алынды

104

- Advertisement -

1440560642_2Ағымдағы  жылдың  1 тамызында Жуалы ауданындағы  ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 9, 6 млрд теңгені құрады немесе нақты көлем индексі 101, 2 пайыз.
Бүгінде диқандар маңызды науқан егін орағын табысты аяқтап отыр. 33141 гектар масақты дәнді дақылдардан 56340 тонна өнім алынды, әр гектардан алынған өнім 17, 4 центнерді құрады.
Ауа райының қолайлы болуына байланысты шөп те бітік шығып, мал азығы молынан дайындалуда. Барлығы 38710 гектар көпжылдық шөп пен табиғи шабындық орылып, 102 мың тонна орнына 110, 5 мың тонна шөп жиналды, бұл 107, 7 пайызды құрайды. Жемшөп дайындау жалғасуда,  биыл екі жылдық мал азығын дайындап алуға күш салынуда.
Ауыл шаруашылығын қолдауға қатысты бағдарламалар шаруа қожалықтарынан үлкен қолдау табуда.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша биыл 650 ірі қара сатып алу жоспарланса, бүгінгі күнге 15 шаруашылық 136, 2 млн теңгеге құжаттарын өткізіп, оның ішінде алты шаруа қожалығы 86, 6 млн теңгеге 536 бас ірі қара сатып алды.
«Құлан» бағдарламасы бойынша биылғы жоспар 160 жылқы алу болса, бүгінгі күнге 13 шаруашылық 156,4 млн теңгеге құжаттарын өткізіп, оның ішінде алты шаруа қожалығы 76,8 млн теңге несие алып, 298 бас жылқы сатып алды.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2015 жылға жоспар 1500 бас қой алу болса, бүгінгі күнге жеті шаруа қожалығы несие алуға құжаттарын өткізіп, екі шаруа қожалығы 20,5 млн теңгеге 871 бас қой сатып алды.

«ZhambylNews» АА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support