- Advertisement -

Келбеті ғажап екен

110

- Advertisement -

Теориялық білімді тәжірибеде шыңдаудың болашақ мамандар үшін маңыздылығы зор. Осындай мақсатпен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің сәулет мамандығының білімгерлері жуырда  қайталанбас сәулетімен әлемді өзіне қаратқан бас қаламыз Астанада болып қайтты. Елордадағы аспанмен таласқан зәулім де салтанатты, әсем ғимараттармен танысты.
Астананың қай ғимараты болсын әдемі ойластырылып, бой көтерген. Онда еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуы, ұлтаралық татулық байқалып тұрады. Студенттер сол ғимаратты аралауда олардың терең тарихымен де жан-жақты танысты. Әсіресе, Хазірет Сұлтан мешітінің сыртқы жағының ақ мәрмәр тастармен, ішкі жағының алтындатылған құран сүрелерімен және қазақи ою-өрнектермен безендірілуі бізді имандылыққа, тазалыққа, шақырғандай әсер қалдырды. Ал Хан Шатыр өзінің атына сай  халықтың мүддесіне еңбек еткен текті сұлтандар мен хандардың символы іспетті.
Астана қаласына сапары­мыздың барысында елімізге танымал сәулет өнерінің қыр-сырын меңгерген бірқатар азаматтармен кездестік. Онда болашақ мамандарымыз мол тағылым алды. Мәселен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, сәулет ғылымдарының докторы Қ.Арынов «Сәулет және құрылыс» факультетінің ғимараты мемлекеттік Елтаңба авторы, аталмыш университеттің профессоры, Ж.Мәлібековтің  жобасымен жаңадан пайдалануға берілгендігін айтты.  Сонымен қатар, ол білімгерлерге білім беруге байланысты атқарылып жатқан ауқымды істерге, диплом қорғаушы түлектердің жұмыстарына, әлемге әйгілі заманауи сәулетшілердің жұмыстарына тоқталып, мамандыққа өте жауапкершілікпен қарауымызды, тарих пен болмысымызды зерттеп, олардан ғибрат алуымызды ескертіп өтті. Ал Ж.Мәлібекұлы Тәуелсіз еліміздің Елтаңбасын жасаудағы ізденіс жұмыстары жөнінде әңгіме қозғады.  Келесі кезекте сөз алған ҚР еңбек сіңірген әртісі К.Мыржықбаев маман болу үшін алдымен ұлтжанды болуды, өз халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, музыкасын жетік білуі керек екендігін және қазіргі заманауи техника мен технологияны меңгеру қажеттігін ескертіп өтті. Бұл сапар болашақ мамандар үшін тағылымға толы болды.

Қосбол Сәрсенғали,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының аға оқытушысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support