- Advertisement -

Қытай ғалымдары баланың семіруіне қарсы күрестің жаңа әдісін ойлап тапты

88

- Advertisement -

20140112090742Қытайда ғалымдар балалардың семіздігімен күресетін жаңа әдіс әзірледі.

Бүгін Шанхай, Гуанчжоу және Ухань сияқты ірі қытайлық мегаполистер сияқты жетекші зертханалар мен медициналық орталық қызметкерлері кіретін зерттеушілер тобы балалардың семіруіне басты себептердің бірі ішек микрофлорасы теңгерімінің бұзылуы болып табылады, деп хабарлады «Чайна дейли» газетінің электрондық нұсқасы.

Ғалымдар экспериментке қатысушыларды туа бітті салмақ ауытқушылығы бар және ондай ауытқушылығы жоқ екі топқа бөлді. Балардың барлығы арнайы диетамен тамақтанды: олардың рационына қалыпты тағамнан бөлек, арнайы ішек бактериясы қосылды. Бағдарламаның ерекшелігі оның мерзімінде болды. Ауытқушылығы жоқ балалар бір ай, ал бұлшық ет тонусының төмендігінен дене салмағы артуға бейім Прадера-Вилли синдромы бар балалар диетаны   үш ай ұстады.

Зерттеу нәтижесі бойынша, екі жақ топтың да тәбеттері төмендеп, салмақтары азайып, жалпы денсаулықтары жақсарған. Ғалымдар мәлімдегендей, оған олардың ішек миклофлорасы теңгерімінің қалпына келуі себеп болған. Мамандардың пікірінше, эксперимент нәтижелерін келешекте  метаболизм бұзылуын емдеу әдістерін әзірлеу үшін қолдануы мүмкін.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support